Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекованың бұрынғы күйеуі екінші рет үйленді (видео)

Мөлдір Әуелбекованың күйеуі Арыстан екінші рет үйленді. Ол 18 жастағы қызды жар етті. Үйлену тойы Алматыда мейрамханада дүркіреп өтті. 

Әуелбекованың бұрынғы жолдасы 18 жастағы қызбен бас қосты. Үйлену тойы Алматының қымбат мейрамханаларының бірінде өтті. Жас қалыңдық жолдасымен бақытты екенін айтып жазба жариялады. 

“Арыстан екеуміз үш рет қана кездестік. Ол үшінші кездесуді тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Бірінші кездесуде ол маған үйленетінін айтқан еді. Уәдесін орындады. Біз қыз жігіт болып ұзақ сөйлескен жоқпыз”, – деді жас қалыңдық. 

“Менің күйеуімді елдер басқаша елестеді. Мен 18 жасымда тұрмыс құрдым. Ең керемет күйеу. Ең керемет шетелдік қайын әпкелерім бар”, – деп жазды қалыңдық.

Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова мен бірінші жолдасы 2015 жылы шаңырақ көтерді. Алайда екі жылдан соң айырылысып кетті. Ортақ бір ұлы бар. Бір жыл бұрын әнші екінші рет келін атанды. Екінші рет ана атанып үлгерді. 

Талқылау