Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мобилизация жайлы жарлық – Кремьдегі дүрбелеңнің белгісі": Батыс елдерінің Путиннің үндеуіне көзқарастары қандай

Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі басшысының орынбасары Джиллиан Киган Ресей президенті Владимир Путиннің сәрсенбі күні таңертеңгі мәлімдемесін "алаңдатарлық шиеленіс" деп атады. Ол оны Путиннің тағы бір өтірігі екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Путин

Ресей президенті елде жартылай мобилизация кезеңін жариялаған, сондай-ақ ядролық қаруды қолдану мүмкіндігі туралы айтқан кезде ол мұны "бос сөз емес" екенін баса айтқан.

Джиллиан Киган бүгінгі үндеуді Путиннің тағы бір өтірігі деп атады.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі өкілінің сөзінше, Путиннің ескертулері маңызды, бірақ ол мұндай қоқан-лоққыны бұрын да көрсеткен.

"Ол мұны бұрын да айтқан", - деген сыртқы істер министрінің орынбасары BBC-ге берген сұхбатында.

Ол Путиннің сөзін байыппен, бірақ сабырмен қабылдап, мәселені дипломатиялық жолмен шешу жолдарын іздеуді жалғастыру керек деп санайды.

Киганның айтуынша, Лондон Мәскеумен диалогқа әлі де болсын дайын.

"Біз сабырға шақыруды және мүмкіндігінше Украина немес басқа елдер арқылы тікелей талқылауды жалғастырамыз", - деді Джиллиан Киган.



АҚШ-тың Киевтегі елшісі Бриджит Бринктің сөзінше, Ресей билігінің соңғы кездегі барлық қадамдары олардың қиын жағдайда тұрғанының айқын көрінісі.

"Жалған референдум мен мобилизация - Ресейдің әлсіздігі мен сәтсіздігінің белгісі. Америка Құрама Штаттары Ресейдің басып алуға ниеттенген Украина аумақтарына деген талабын ешқашан мойындамайды. Біз қанша уақыт қажет болса сонша уақыт Украинаны қолдауды жалғастырамыз", - деп жазады Бринк өзінің Twitter парақшасында.

Голландия премьер-министрі Марк Рютте жартылай мобилизация Кремльдегі дүрбелеңнің белгісі, деп пайымдайды.

"Мобилизация, Донецкіде референдум өткізуге шақыру – бәрі дүрбелеңнің белгісі. Оның ядролық қару туралы риторикасы - біз бұрын бірнеше рет естіген нәрсе және ол біздің ойымызды өзгертпейді. Мұның бәрі біз білетін риториканың бір бөлігі. Мен сабыр сақтауға кеңес берер едім", - деп қосты Рютте.

Еске салайық, бүгін, 21 қыркүйекте Путин әскердің бір бөлігін мобилизациялау (мемлекеттің қарулы күштерін бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшіру) туралы қаулыға қол қойды. 

"Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың Ресейде ішінара жұмылдыру жұмыстарын жүргізу туралы ұсынысын қолдау қажет деп санаймын", – деген Путин.

Ресей басшысы мобилизацияның бүгін, 21 қыркүйектен бастап күшіне енетінін атап өтті.

Талқылау