Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мобилизациядан қашып келген қанша ресейлік азамат Қазақстанда қалған – Бас консул жауап берді

Ресей Федерациясының Алматыдағы бас консулы Дмитрий Тураев Ресейдегі мобилизация басталғаннан кейін Қазақстанға 400 мың ресейлік келсе, оның 80 мыңнан астамы қалғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Желтоқсан айындағы есеп бойынша 320 мың Ресей азаматы Қазақстаннан кетті.

"Құзырлы органдарының есебі бойынша, Ресейде мобилизация басталғаннан кейін Қазақстанға 400 мыңға жуық ресейліктер кірді. Оның 50-80 мыңға жуығы елде қалды", – деді дипломат.

Тураевтың айтуынша, олардың қайтып кетуіне бірнеше фактор әсер еткен. Олар: бірқатар жұмыс орындарының қазақ тілін талап етуі, уақытша тұруға рұқсатты ресімдеу кезінде көші-қон режимін күшейту және жылжымайтын мүлік бағасының өсуі.

Бас консулдың айтуынша, алғашында ресейліктер Қазақстанға аса ойланбастан, эмоциямен қоныс аударған.

"Алғашында визасыз режим, тілдің кедергі болмауы, цифрлық коммуникация, жеңілдетілген салыққа сүйеніп, Қазақстанды таңдады. Балалы отбасылар үшін орыс тілінде оқытатын мектептердің болуы өте маңызды еді, – деп атап өтті Тураев.

Талқылау