Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Митталдың кінәсі дәлелденсе, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін - Министр

Құқық қорғау органдары "АрселорМиттал Темиртау" компаниясының негізгі инвесторы Лакшми Митталдың кінәсі дәлелденсе, оны жауапкершілікке тартуға құқылы, деп мәлімдеді төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тоқаев Миттал

"Біз комиссияның қорытындысын құқық қорғау органдарына тапсырып жатырмыз және қозғалған қылмыстық іс аясында қандай лауазымды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны шешілетін болады. Қазір бұл тізімде өндірістің тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей жауапты шетелдік азаматтар бар. Егер Миттал жайлы айтатын болсақ, басшы ретінде, онда тергеу барысында мұндай қайғылы салдарға әкеп соқтырған жеке нұсқау немесе басқа да бұзушылықтар болғаны анықталса, сәйкесінше тергеу органдары қылмыстық іс қозғауға және жауапкершілікке тартуға құқылы", - деді Ильин сәрсенбіде өткен баспасөз мәслихатында журналистердің сұрағына жауап беріп.



Еске салайық, 3 қарашаға қараған түні Шахтинскідегі Ленин атындағы шахтада газ жарылып, салдарынан бес адам қаза тапқан. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, АрселорМиттал Теміртау шахталарының жұмысы бір тәулікке тоқтатылған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтып, апаттың себептерін анықтау бойынша жедел шаралар қабылдауды, қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына тиісті көмек көрсетуді тапсырды. Қайғылы оқиғаға пікір білдірген Сенат спикері Мәулен Әшімбаев парламент еңбекті қорғау саласындағы заңнаманы қатаңдатуға дайын екенін айтқан.

23 қарашада үкіметтік комиссия жарылысқа АрселорМиттал Теміртау компаниясының басшылығын кінәлады. Іс бойынша 30-ға қызметкер күдікке ілінген.

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр