"Ол күні кезекшілікте болмаған": "АрселорМиттал Теміртау" кенішінен жұмысшының мәйіті табылды
"АрселорМиттал Теміртау" кенішінде тағы бір қызметкердің мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
"2022 жылғы 6 қарашада "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Казахстанская" шахтасының аумағында Көмір департаменті бөлімшелерінің бірінде жұмыс істеген қызметкердің мәйіті табылды. Оқиға кезінде қызметкер кезекшілікте болмаған", – делінген хабарламада.
Ішкі істер органдары тергеу жүргізіп жатыр.
Еске салайық, 3 қарашада Қарағанды облысының Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" шахталарында төтенше жағдай болып, 5 жұмысшы қаза тапты.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған