Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мемлекеттік қызметкерлер митингке шығуға үндеген": Қызылорда полициясы "Қазпошта" мен "Халыққа қызмет көрсету орталығының" жергілікті басшылығын жазалауды сұрады

Қызылорда полицейлері облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықовадан "Қазпочта" АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры, облыстық мәслихат депутаты Аида Әбибуллаеваны әлеуметтік желіде 4 қаңтардағы митингке шығуға шақырған жазбалары үшін жазалауды сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2022 жылдың 17 қаңтарында жазылған хат жақында ғана әлеуметтік желіде жарияланған. Бұл пайдаланушылардың қызылордалық полицейлерге екіұшты реакциясын тудырды.

ПД басшысы Сұлтан Бектөре облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықоваға жолдаған ресми хатында әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында шенеуніктердің халықты митингіге шақыру фактілері анықталғанын хабарлайды.

Полицияның хабарлауынша, "Қазпошта" АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры, сонымен қатар облыстық мәслихаттың депутаты Аида Әбибуллаева Facebook желісіндегі парақшасында мемлекетке қарсылыққа шақыратын арандатушылық жазба жариялаған.  Оның әлеуметтік желіде 5000 жазылушысы бар.

Олардан бөлек, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы директорының Қызылорда облысы бойынша орынбасары Айдын Қайруллаевты да жауапқа тартуды сұрайды. Ол да Facebook әлеуметтік желісінде бес мыңға жуық жазылушысын өз пікірлерін білдіру үшін митингке шақыратын үгіт-насихат жариялаған. 

Полиция департаменті еліміздегі айрықша қызметке ие адамдар әлеуметтік желілерде өздерінің қызметтік әдебіне қайшы келетін әдепсіз пікірлерін жариялады деп есептейді.

Осыған орай, ПД басшысы облыс әкімінен аталған тұлғаларды заң аясында қатаң жауапкершілікке тартуды сұрады.

Талқылау