"Митинг кезінде бола алмадым": Арыс қаласының әкімі неге тұрғындармен кездеспей жүргенін айтты

Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек төтенше жағдай орын алғалы бері жергілікті халықпен неліктен кездесе алмай жүргенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz өңірдегі тілшісі.

Арыс қаласының әкімі

Жойқын жарылыс орын алғалы бері шаһар басшысы қаланы жарылғыш заттардан тазалау жұмыстарының басы-қасында жүріпті. Тіпті, кеше, 27 маусым күні, Шымкент қаласын уақытша паналаған арыстықтар үшінші мегаполис көшелеріне шығып, наразылық шеруін ұйымдастырған кезде де халыққа басу айтуға уақыты болмапты.

«Мен қалада (автор: Арыс қаласы) болдым. Митинг кезінде бола алмадым. Себебі жарылыс оқиғасынан соң қаланы тазалау жұмыстарын жүргізу керек. Сонымен қатар, су, электр жарығымен қамтамасыз ету тағы бар. Сол жұмыстардың басы-қасында өзім жүрдім», - деген әкім жарылыс орын алған кезде жұмыста отырғанын айтты.

Тағы оқыңыз >>> "Жұмысты тастап кетуге болмайды": Қызметіне адал арыстық банк күзетшісі марапатталады

«Оқиға болған кезде Арыста, әкімшілікте отырғанбыз. Жарылыс туралы бізге төтенше жағдай қызметі хабар берді. Бірден қала халқын қауіпсіз аймаққа шығару жұмыстарына кірістік», - деді ол.

«Ал өз үйіңізге зақым келді ме?» деген сауалға қала әкімі: «Терезелері сынып, шатыры ұшып кеткен. Өзімізге зақым келмеді» деп жауап берді.

Айта кетейік, 28 маусым күні арыстық тұрғындардың алғашқы көші өз үйлеріне оралды. Оларды қалаға кіре-беріс аумақтан күтіп алған Мұрат Қадырбек тұрғындар бірнеше күнге жететін азық-түлікпен қамтылатынын айтты. Себебі жарылыстан соң қалған азық-түлікті тұтынудың қауіптілігі бар.

Комментарий тастау үшін сізге сайтқа ену керек
Комментариялар
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Дамаскідегі әл-Фараби кесенесі қандай қалыпта

Қазақстандық делегация Сирияның Дамаскі қаласына аттанды

Шариғат бойынша: Луина некесін мешітте қидырды

Өнер иесі орыстың келіні болды

Тимур Құлыбаев тағы да Ұлттық Олимпиада комитетінің президенттігіне ұсынылды

Асқар Мамин: Бұл бұқаралық спорттың одан әрі дамуындағы маңызды қадам

"Құдайым-ай, неткен еркек": Димаштың "жүн басқан кеудесі" қыздарды естен тандырды

Жұрт әншінің жаңа образын жақтырмай қалды

Ғалымдар адамның ұзақ өмір сүруіне көмектесетін жемісті анықтады

Қытай ғалымдары арнайы зерттеу жасады

Адам суицидке жанын ауыртқан адамды жазалау үшін барады — психоаналитик

Анна Құдиярова адамдардың неге өзін-өзі өлтіретінін түсіндірді

6 жасар бала көз жұмған анасымен бірге 5 күн түнеген

Бала өте әлсіреп қалған күйде табылды

"Әжемнен дарыған қасиет": Айжан Нұрмағамбетова көріпкелдігі бар екенін айтты

Әнші көріпкелдердің байқауына қатысқан

Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры 92 жасында ер адамға үйленді

Қарияға үш бала сыйлаған әйелі оның мұндай шешіміне түсіністікпен қарапты

Алматыда бір үйдің үш баласын көлік қағып кетті

Балалардың жағдайы туралы денсаулық сақтау басқармасында айтып берді
Çàãðóçêà...