AAPL
144.84 $
0.75 %
TSLA
843.03 $
3.02 %
NDAQ
203.02 $
1.19 %
GOOGL
2827.36 $
0.15 %
FB
324.76 $
-1.15 %
FRHC
63.3 $
-1.45 %
AAPL
144.84 $
0.75 %
TSLA
843.03 $
3.02 %
NDAQ
203.02 $
1.19 %
GOOGL
2827.36 $
0.15 %
FB
324.76 $
-1.15 %
FRHC
63.3 $
-1.45 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көздерінде мұң бар": Қалаға қайтып оралған арыстықтарды қалай қарсы алды (видео)

Арыс қаласының тұрғындары үйлеріне қайтып орала бастады. Блогер Яков Федоров оларды туған қалаларында қалай қарсы алып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Яков Федоров Facebook желісінде қалаға қайтып оралған Арыс тұрғындарының жағдайы туралы айтып, суреттер жариялады. 

Қалаға қайтып келгендерге қауіпсіздік жадынамасы таратылуда. 

«Кейбірі туыстарының үйінде қалған. Адамдардың эвакуация орындарынан ұйымдасқан түрде бір автобуспен келе жатыр. Туыстарының үйінде болғандар Шымкенттегі «Ақмешітке» келуде. Сол жерде оларды Арысқа жететін автобус күтеді», - дейді блогер. 

Федоровтың сөзінше, Арысқа әлеуметтік көмек жеткізілуде. 

«Қазгидромет» зертханасы қызметкерлерінің жұмыс істеп жатқанын көрдім. Олар топырақ, су, радиация көрсеткіштерін тексеруде. Көрсеткіштер қалыпты нормада екенін айтты. Алайда мен олармен бірге жүріп, зардап шеккен ауданды тексеріп көрмекпін», - дейді ол. 

Өз сөзінде блогер Арыс тұрғындарының жағдайға түсіністікпен қарап, тыныш оралып жатқанын жеткізді.

«Жалпы, адамдардың көңіл-күйі туралы айтсам, көздерінде мұң бар. Алайда тыныш, бәріне түсіністікпен қарайды. Полиция қызметкерлері мен еріктілер белсенді түрде көмектесуде», - дейді Федоров. 

Яков Федоровтың жариялаған суреттерден тұрғындардың бірінің үйінің терезелері мен шатыры зақымдалғаны көрінеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр