Мирас Жүгінісов әншілерге тойсыз қалай табыс табуға болатынын көрсетті
Әншілер тойсыз да табыс таба алады! Мирас Жүгінісов мұның айқын дәлелі. Әншінің "Зымыран" атты туындысы "iTunes" платформасында екінші сатыға дейін көтерілген. Мирас бұл ән мұндай жетістік әкеледі деп ойламаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Осылайша Жүгінісов бүгінде тойдан не концерттен емес, әндерін стримингтік сервистерге жүктеп, ақша тауып отыр. Мирас: "Тректі монетизациялауда ең оңтайлысы дистрибьюторлармен жұмыс істеу", – дейді.
"Қазір басқа дистрибьюторлармен жұмыс жасап жатырмыз. Ол жақтан түседі. Білмеймін, шамамен 500 мыңдай түсетін шығар", – деді ол.
Әртістің бұдан өзге тыңдарманына айтар жағымды жаңалықтары көп. Мирас алғаш рет өнердегі әріптестерінің бірімен дуэт жазбақшы.
"Бұйырса бір қызық дуэт, сосын әдемі ән күтіңіздер. Әлі дайын болған жоқ, ондай дуэт ешкіммен жазған жоқпын, сондықтан құпияда. Клип жақын арада "Зымыранға" емес, басқа, жаңа әнге шығарамыз", – деді Мирас.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты