Мұғалімдері желі үшін тауға шығуға мәжбүр: Министрлік Аққұм ауылына интернет орнатуға уәде етті
Желінің жоқтығынан электронды журналды толтыру үшін тауға шығуға мәжбүр болған Аққұм ауылы мұғалімдерінің жағдайы осыған дейін қызу талқыға түсті. Цифрлық даму министрлігі Түркістан облысы Аққұм ауылының тұрғындарына 20 Мбит/с интернет жылдамдығы мен шектеусіз трафикті қамтамасыз етуге уәде берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Сурет ашық дереккөзден алынған
Министрлік бүкіл желіде тараған атышулы суреттен кейін жұмысқа кірісті.
"Бұл ретте министрлік коммуникация саласында "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасын әзірледі. Осы жоба аясында 3 мыңнан астам ауылды талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда. Олардың қатарында Аққұм ауылы да бар", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Аққұм ауылының мұғалімдері электронды журналды толтыру үшін тауға шығуға мәжбүр болғандарын хабарлаған болатынбыз. Тіпті мектеп оқушылары информатика сабағын теориялық түрде ғана оқып жүрген екен.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді