Министр зейнетке шығу жасын төмендетуге қатысты түсініктеме берді
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов зейнетке шығу жасын төмендету мүмкіндігіне пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл мәселе қарыстырылып отырған жоқ. Бұл ретте объективті тұстары бар. 1998 жылдан бастап жаңа жинақ жүйесіне көштік, яғни осы тұрғыда халықаралық тәжірибені зерттедік. Адамдар жинақ жүйесіне қатысуына қарай жоғары сомадағы зейнетақыны алады", – деп тоқталды Серік Шәпкенов.
Осы орайда ол зейнетке шығу жасын төмендетуді ведомство неліктен қарастырмай отырғанын түсіндірді.
"Зейнетке шығу жасын төмендету мәселесіне тоқталсақ, адамдар тиісті жинақты қалыптастыра алмауы мүмкін және зейнетақы өте аз болады. Сондықтан бұл мәселе қарастырылмады. Бізде зейнетақы аннуитеті де ескерілген. Ер адамдар зейнетақы жинағының шекті деңгейін 55 жасқа дейін жинақтаса, өздері үшін зейнетақы аннуитетін рәсімдей алады", – деді министр.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады