Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Министр менің мінезімді жақтырмады": Роза Рымбаева неге сахнаға шықпай кеткенін түсіндірді

Роза Рымбаева неге сахнаға шықпай кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Жұлдыздар жарқырайды" бағдарламасына сілтеме жасап.

Соңғы бес жылда мемлекет ұйымдастырған концерттерден бой көрсетпей кеткен Роза Рымбаеваның бұған өз жауабы бар. Министрліктен қолдау таппадым, талғамдарынан шықпадым дейді өнер иесі. Алайда, министрлікке жақпай қалдым деп, тауы шағылмайтынын айтты ол. Өнер адамының бағасын халық береді дейді Роза Рымбаева.

"Біздің министріміз болған. Ол министр менің мінезімді жақтырмады, тік айтатынымды жақтырмады. Ол кісінің талғамы басқа шығар. Жеке басының маған деген көзқарасы, музыкалық талғамы болуы мүмкін. Ал енді өнер дегенге, деңгей дегенге жеке адам емес, халық баға береді. Тек қана халық емес, біз халықаралық деңгейде жұмыс істеп жүрген, сол жақтан атақ алып жүрген әншіміз. Жеке бастың көзқарасымен де бізде көп нәрсе жасалады", - дейді Роза Рымбаева.

Бұл әнші үшін үйреншікті жағдайға айналған. Тек министрлік емес, отандық телеарналардан да көрсетпей қойған кездер болғанын жасырмады халық әртісі. Ол көрерменге сапалы дүние ұсынуымыз керек деп ашынды.

"Ондай қара тізімде талай болғанмын. Тек министрлік емес, он жыл бойы "Қазақстан" телеарнасынан да шықпай қалғанмын. Дұрыс емес екенін барлығымыз білеміз. Бірақ, не айтамыз ол кісілерге. Көрерменге сапалы, жоғарғы деңгейлі ән тыңдату керек. Біз көрерменді тәрбиелеу керекпіз", - дейді Роза Рымбаева.

Талқылау