Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр еліміздегі жол сапасы нашар аймақтарды атады

Көлік министрі Марат Қарабаев еліміздегі жол сапасы нашар аймақтарды атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет pexels-тен алынған

Министр республикалық маңызы бар жолдарды аралағанын жеткізді. Айтуынша, Алматыдан Өскеменге дейінгі жол учаскелерін бақылаған.

"Жол деңгейі алдыңғы қатарлы өңірлер мен жалпы аутсайдерлерге тоқталсақ. Бұл әдістеме бойынша жолдардың жағдайы жақсы және қанағаттанарлық деп танылды. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысы, Атырау, Ақтөбенің жолдары жолы нашар өңірге кірді. Ашығын айтқанда ең жолы нашар өңір Батыс Қазақстан облысы", – деді Қарабаев.

Бұл ретте министр биылғы жылы Үкімет Батыс Қазақстан облысына қаржы бөлуге айтарлықтай қолдау көрсеткенін атап өтті.

"50 пайызға артық қаражат бөлінді. Мәселе бойынша президент тапсырмасы берілді. Атап айтқанда Батыс Қазақстандағы жолдардың сапасын арттыру керек. Биылғы жылы біз жағдайды 46-дан 51 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. (қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар пайызы). Бірақ мұнымен тоқтап қалмаймыз, тағы да қаржы бөлінуде. Сондықтан жергілікті атқарушы органдар жолды түзетуі қажет", – деп қосты ол.

Талқылау