Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр: Депутаттар мен министрлердің барлығы қазақ тілін жақсы біледі

Үкімет пен парламенттің отырыстары таза қазақ тілінде өтіп-өтпеуі шенеуніктің мемлекеттік тілді қалай меңгергендігіне байланысты. қазірдің өзінде үкімет пен парламент қазақ тілінде жұмыс жүргізуге  дайын. Оны ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты.

Бұл туралы  Sputnik Қазақстан хабарлады.

“Кешегі қабылдауда мемлекет басшысы парламент пен үкімет отырыстарын қазақ тілінде өткізуге көшу жөнінде айтты. Отырыстың таза қазақ тілінде өтуі шенеуніктің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне байланысты. Егер жекелеген азаматтар қазақ тілін жетік білмесе, өз ойын орыс тілінде жеткізгісі келсе, онда орыс тілінде сөйлегені дұрыс деп ойлаймын. Бірақ тағы қайталап айтамын, үкіметтің барлық мүшесі мен депутаттар мемлекеттік тілді жақсы біледі”, — деді министр үкімет отырысынан кейін журналистерге.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде үкімет пен парламент қазақ тілінде жұмыс жүргізуге  дайын. Іс қағаздарының дені қазақ тілінде жүріп жатыр.

Үкімет отырысында статистика деректерінің орыс тілінде жазылуынан трагедия жасаудың қажеті жоқ деді Абаев.

“Оның қандай трагедиясы бар? Сіздер екі тілде де жақсы түсінесіздер ғой. Бір слайд орысша болғандықтан, әлем өзгеріп кетпейді ғой. Өзгерген жоқ. Елбасы тіл мәселесінде ешкімді кемітпеуіміз керек екенін әрқашан айтады”, — деді ол.


Тіл туралы 7 өлең

Талқылау