Министр Қазақстан дәріханаларына ингавирин мен терафлюдің қашан әкелінетінін айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой  коронавирус жағдайын байланысты дене қызуын түсіретін және вирусқа қарсы мыңдаған дәрі-дәрмек елге әкелінгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Онлайн брифинг барысында министр халық арасында дәрі-дәрмекке сұраныстың күрт артқанын жеткізді. Қазіргі таңда министрлік тарапынан бұл мәселе қатаң қадағалауға алынып, қажетті препараттармен халықты қамтамасыз етіп жатырмыз дейді ол. 

"Дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі туралы ақпараттар халықтың дәріханалардан артығымен дәрі сатып алуына алып келді. Әсіресе дене қызуын түсіретін препараттар. Баса назар аударып айтқым келеді, елімізде дәрі-дәрмек жеткілікті дәрежеде шығарылады, аймақтарда тапшылық жоқ. Жағдайдың ауырлығын ескере отырып, дәрі-дәрмек тасымалдау, сатып алу жөніндегі мәселелер қаралып, отандық өндірушілер дене қызуын басатын препараттардың үлкен партиясын ұсынып отыр", - дейді Алексей Цой. 



Оған қоса министр кейбір дәрі-дәрмектердің коронавирусты емдемейтінін айтты . Алайда халықтың сол препараттарға сұранысы жоғары екенін жеткізді ол. 

"Сонымен қатар, 70 мың ингавирин мен 149 мың терафлю алып келінді. Олар апта соңына дейін дәріханаларға жеткізіледі. Естеріңізге сала кетейік, бұл дәрілер коронавирустан емдемейді. Коронавирусты емдейтін дәрі-дәрмектерді де толықтырып жатырмыз", - дейді Алексей Цой.

Еске салайық, бұған дейін Алексей Цой қатаң карантин енгізілмесе, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне қандай ауыртпалық түсетінін мәлімдеген болатын. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр