Алексей Цой қатаң карантин енгізілмесе, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне қандай ауыртпалық түсетінін айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың таралуына қарсы тұру жөніндегі шараларға арналған кездесуде Қазақстанда күніне 2,5 мыңға дейін пневмония ауруы тіркелетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр тест теріс нәтиже көрсеткенімен, аурудың саны күннен-күнге артып келе жатқанын айтты. Осылайша ол еліміздегі ауруханаларға күніне қанша науқас келіп түсетіні туралы нақты ақпарат берді. 

"10 маусымнан бастап біз ПТР тест нәтижесі теріс болғанымен COVID-19 әсерінен пневмонияның едәуір өсуін байқадық. Соңғы күндері тәулігіне осындай пневмонияның 2,5 мың жаңа жағдайы тіркелді», - деді Цой.

Бұған дейін Қазақстанның кейбір аймақтарында пневмониямен ауыратындардың саны күрт өскені туралы хабарланған болатын.

Бұған қоса ол 10 маусымнан бастап эпидемиялогиялық ахуал қайта өршіп кеткенін алға тартты.

Бірінші жоспар бойынша, егер тамыз айына дейін тұрғындар карантинсіз өмір сүрсе, коронавирусты күніне 27 мың адамнан жұқтыруы мүмкін. Бұл жағдайда ауруханаларда 300 мың орын болуы керек. 

Екінші жоспарға сәйкес, екі апталық толығымен шектеу шараларын енгізу. Бұл кезде күніне 7 мыңға жуық ауру жұқтырушылар тіркеліп, тамыз айының соңында ауруханаларда 80 мың орын керек болады. 

Үшінші жоспар төрт апталық карантин енгізуді қарастырады. Сонда тамыздың соңына дейін күніне 2500 науқастан тіркеліп, ауруханалардағы қажетті орын саны 30 мыңға дейін төмендейді. 

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 22 мыңға таяды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр