Ақтөбеде коронавирус жұқтырған жүкті әйел пневмониядан көз жұмды
Ақтөбеде коронавирус жұқтырған жүкті әйел пневмониядан дем жетпей көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы онлайн брифинг барысында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Әсет Қалиев мәлім етті.
"Кеше жұқпалы аурулар ауруханасында жүкті әйел қайтыс болды. Коронавирустық инфекция аясында оған екі жақты пневмония диагнозы қойылған. Науқастың тыныс алуы қиындап, ол көз жұмды", - деп түсіндірді А. Қалиев.
Жалпы алғанда, қазіргі уақытта облыс ауруханасында пневмониямен ауыратын 1000-ға жуық адам жатыр. 27 адам реанимацияда, оның 10-ы механикалық желдету құрылғыларына қосылған. Айдың басынан бері 47 адам пневмониядан қайтыс болды.
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді
Тау өзендерінен алынған су тұтынушыларға жеткізілгенге дейін 10-15 сағат тазартудан өтеді
"27 рет көзіме шөп салып, бауыздамақ болды": Шымкенттік әйел бастан кешкен сұмдық оқиғасын айтты
Басын кесіп, көшеге тастамақ болған