"Міндетті емес": Салтанат Бақаева Қайрат Нұртасқа қолдау білдірмеген Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты ойын айтты
Танымал әнші, актриса Салтанат Бақаева басы дауға қалған Қайрат Нұртасқа қолдау білдірмей үнсіз қалған Жұлдыз Әбдікәрімова қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды
Өнер иесі жолдасына желіде елдің көзінше қолдау білдіруге міндетті емес екенін журналист Анна Данченкоға айтып берді.
“Менің ойымша, бұл – адамның өз мәселесі. Сондықтан ондай нәрсеге көңіл аудармау керек. Өйткені әр адам өзі біледі. Айта ма, айтпай ма, өз еркі. Міндетті емес қой. Бәлкім өзі жеке айтатын шығар? Ол айтып та жатқан шығар? Бұл түсінікті жағдай ғой. Неге желіде бәрін жариялап, көрсетіп, шығару керек?! Әркім парақшасын қалай жүргізетінін өзі біледі”, – деді әнші.
Айта кетейік, ұшақта шу шығарып 15 күнге қамалған әншінің жоспарланған концерттері өтпей қалды.
Мәселен, 7 шілде күні "Астана" концерт залында өтеді деп жоспарланған Қайрат Нұртас, Мирас Жүгінісов және Қазыбек Құрайыштың концерті басқа күнге ауыстырылған еді.
Pavlodar News порталының мәліметінше, Қайрат Нұртас Металлургтер күніне және Ақсу қаласы күніне арналған концертке қатыспайтын болды. Ақсу ферроқорытпа зауыты ақпаратты растады. Өнер иесі 20 шілдеге дейін темір торда жазасын өтемек.