Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дәретхана мәселесін шешсе екен": Әнші Меруерт Түсіпбаева жаңадан сайланатын Құрылтай депутаттарына үндеу жасады

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram.com/meruert_tusupbaeva

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева ел ішіндегі сапары кезінде жол бойындағы инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселені қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында сапар барысында дәретхана іздеп жүрген сәтінен видео жариялаған. Ол тасжол бойындағы санитарлық орындардың жай-күйі мен қолжетімділігі әлі де шешімін таппай келе жатқанын айтып, бұл мәселеге жауапты азаматтар назар аударуы қажет екенін жеткізді.

Әнші жазбасында депутат болатын азаматтар жол бойындағы дәретхана мәселесін қолға алса деген тілегін білдіріп, жаңадан сайланатын Құрылтай депутаттарына үндеу жасады.

“Парламентке кім депутат болса да, тасжол бойындағы дәретхана мәселесін шешсе екен”, – деп жазды Меруерт Түсіпбаева.

Желі қолданушылары әншінің бұл пікірін қолдап, мұндай жағдаймен алыс жолға шыққан кез келген адам бетпе-бет келетінін жазып жатыр. Көпшілік әсіресе республикалық және өңіраралық тасжолдардағы дәретханалардың аздығы, тазалығы мен қызмет көрсету сапасы жиі сынға түсетінін атап өткен.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 15 Шілде, 2026 17:05