Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"О, Құдай! Неге сонша ерте әкетіп барасың?" Меруерт Түсіпбаева ажалдан аман қалған сәтін еске алды

Меруерт Түсіпбаева
Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva

Қазақстандық әнші Меруерт Түсіпбаева бала кезінде басынан өткен қорқынышты жағдайды бөлісті. Өнер иесінің айтуынша, ол 13 жасында көлге батып кете жаздаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, сол сәтте қатты тұншығып, өмірімен қоштасатындай күй кешкенін жеткізді. Оның сөзінше, сол кезде ойына ең алдымен әнші болу арманы келген.

“13 жасымда көлге батып, судың астындағы шөптердің арасында қалып қойдым. Суды жұтып, тұншығып жатқанда: “Құдайым, мені неге сонша ерте алып барасың? Әнші болсам деген арманым ше?” деген ой келді”, – деп жазды ол.

Бұл оқиғадан кейін Меруерт Түсіпбаева ұзақ жылдар бойы суға түсуден қорқып келген. Алайда шамамен 40 жылдан кейін ол осы үрейді жеңуге бел буған.

Қазір әнші жүзуді үйреніп жүр. Ол фобиясынан арылу үшін бассейнге барып жүргенін, бұл жолы төртінші рет жаттығуға барғанын айтты.

Өнер иесі оқырмандарына да сауал қойып, олардың қандай қорқынышы барын және оны жеңе алған-алмағанын сұрады.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 10 Шілде, 2026 15:18