Шығыс Қазақстан облысында құны 4,7 миллиард теңге болатын арал сатылымға қойылды

Шығыс Қазақстан облысында құны 4,7 миллиард теңге болатын арал сатылымға қойылды. Инвесторларға ұсынылған 22,5 гектарлық жер телімі элиталық курорт немесе ірі туристік кешен салуға лайық деп бағаланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облысында құны 10 миллион доллар (шамамен 4,7 миллиард теңге) болатын арал сатылымға шығарылды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде жарияланған хабарландыруда айтылған.
Аралдың жалпы аумағы 22,5 гектар болады және қазір жеке меншікте. Жоба инвестициялық нысан ретінде ұсынылып отыр.
ОқыңызХабарландыруға сәйкес, бұл аумақ элиталық демалыс орны, жабық клубтық кеңістік немесе ірі туристік кешен салуға қолайлы.
"Кең су айдыны, оқшау орналасуы, табиғи ландшафты және даму әлеуеті бұл нысанды жер телімдері нарығындағы ең тартымды ұсыныстардың біріне айналдырады", – делінген хабарламада.
Жылжымайтын мүлік агенттігінің мәліметінше, арал туралы толық ақпарат тек қызығушылық танытқан инвесторларға ұсынылады.
Еске салайық, бұған дейін Алматы прокуратурасы "Медеу" өңірлік табиғи паркімен шекаралас жалпы аумағы 288 гектар болатын екі жер телімінің жеке меншікке заңсыз берілгенін анықтаған еді. Сот мәмілелерді жарамсыз деп танып, құны 17 миллиард теңгеден асатын жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған