Медеу маңындағы құны 17 миллиард теңгеден асатын жер мемлекетке қайтарылды

Алматы прокуратурасы "Медеу" өңірлік табиғи паркімен шекаралас 288 гектар жерді мемлекетке қайтарып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қадағалау қызметі жалпы ауданы 288 гектарлық 2 жер телімі жеке меншікке заңсыз берілгенін анықтады. Ал бұл жер телімдері ауыл шаруашылығы мақсатындағы су қоры бар жерлерге жатады және сатып алынбайды.
Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тапты.
“Алматы қалалық сотының сот алқасы бірінші сатыдағы шешімді күшінде қалдырды. Қабылданған шаралар нәтижесінде құны 17 миллиард теңгеден астатын жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды”, – деп мәлімдеді прокуратура.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан ормандарындағы "Бипэк Автоға" тиесілі болған 150 гектардан астам жер мемлекетке қайтарылғаны туралы жазған едік.
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"
Түркістандық шаруалар әлі су тапшылығын көріп отыр: Шенділердің қабылдаған шаралары неге нәтиже бермеді?
Келес ауданындағы Ескіқорған ауылында су тапшылығы жылдан-жылға ушығып барады