Миллионер украиналық қашқынды үйіне кіргізіп, өз әйелін тастап кетті
Британиялық миллионер украиналық қашқын үшін өз әйелін тастап кетті. Хакон Оверли Ұлыбритания үкіметінде украиналық қашқындарға көмектесу идеясын ұсынғандардың бірі еді, деп хабарлады The Sun.
Несиелік Wonga фирмасының бұрынғы басшысы, 52 жастағы миллионер Хакон Оверли украиналық әйел үшін өз жұбайын тастап кеткен. Басылымның хабарлауынша, кәсіпкер қашқынды өзінің Суррей графтығындағы үйіне қабылдаған. Арада бірнеше апта өте салысымен, жұбайын тастап, көңілдесінің жанына көшіп барған.
Оверлидің жалпы байлығы 5 миллион фунт стерлинг (2 млрд 730 млн теңгеге жуық) деп бағаланады. Ол – Ұлыбритания үкіметінде украиналық қашқындарға көмектесу идеясын ұсынғандардың бірі.
Бұған дейін Британияның Брэдфорд қаласының тұрғыны Энтони Гарнетт үйлеріне қоныстанған украиналық қашқын үшін әйелін тастап кеткен еді. Ол тіпті жаңа сүйіктісімен бірге Украинаға бару туралы шешім қабылдаған.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған