Миллиардер Джефф Безос ғарышқа ұшып келді
Amazon және Blue Origin ұйымдарының негізін қалаушы, миллиардер Джефф Безос пен және тағы үш жолаушы ғарыштан аман-есен оралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

New Shepard ракета капсуласында Безоспен бірге оның бауыры Марк, 18 жастағы студент Оливер Дэемен және 82 жастағы америкалық ұшқыш әйел Уэлли Фанк болған. Осылайша Дэемен мен Фанк ғарышта болған ең жас және ең кәрі адам атанды.
Зымыран Безостың Техаста орналасқан жекеменшік ғарыш айлағынан әуеге көтерілген. Төрт минуттан ракета 107 048 метр биіктікке жетіп, кейін төрт жолаушысы бар капсула төменге түседі.
Ұшу ұзақтығы 11 минутқа созылған.
Еске салсақ, бұған дейін британиялық кәсіпкер Ричард Брэнсон ғарыш шекарасына жасаған сапарынан қайтып келгені айтылған еді.
BREAKING: Jeff Bezos and three passengers return to Earth after historic flight to edge of space. https://t.co/VX9QqD70Zw #BlueOrigin pic.twitter.com/loAEH6DACv
— ABC News (@ABC) July 20, 2021
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”