Милад Карими спорттық гимнастикадан Токио Олимпиадасының үздік бестігіне енді
Токио Олимпиадасында спорттық гимнастикадан жекелеген снарядтар бойынша финалдық кезеңде қазақстандық спортшы Милад Карими бесінші орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жаттығудың финалдық кезеңінде Қазақстандық гимнаст Милад Карими де сынға түскен болатын. Карими өз бағдарламасын орындау барысында кішігірім қателіктер жіберіп, 14.133 ұпай жинады.
Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық гимнаст бесінші орынға тұрақтады.
Айта кетелік, бұл спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы өкілдерінің Олимпиада ойындарында көрсетіп отырған ең үлкен нәтижелерінің бірі. Әсіресе Милад Карими еркін жаттығудан Олимпиадада үздік бестікке енген алғашқы қазақстандық гимнаст.
Ол Токио Олимпиадасындағы көпсайыс қорытындысы бойынша 14-ші орынға тұрақтады. Енді Карими гимнастикалық керме бойынша Олимпиада жүлдесіне таласады.
Еске салсақ, Қазақстандық күресшілер Эльмира Сыздықова мен Мейрамбек Айнағұлов жеңіліп қалды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған