Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік телеарна Билл Гейтстің адамзаттың бір бөлігін жою туралы жоспарын айтты

Ресейлік Бірінші телеарнасындағы "Адам және заң" бағдарламасының авторлары Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс пен оның коронавирусты әлемге таратудағы рөліне бейнеролик шығарды. "Әлемдік пандемияның трояндық жылқысы" атты бағдарламада миллиардер адамзаттың бір бөлігін жойғысы келетінін айтылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

билл

Бағдарлама пандемияның халық пен экономикаға әсері жайлы зерттеу - Event 201- ден басталды. Зерттеулер былтырғы жылдың қазан айында өткен еді. Оны Джонс Хопкинс университеті Билл және Мелинда Гейтс қорының және дүниежүзілік экономикалық форумның қатысуымен өткізді.

Сюжет барысында авторлар Гейтске қатысты конспирологияны қолдайтын адамдарды ақтады. Мысал ретінде Африка мен Азия елдерінің тұрғындарын вакцинациялау нәтижесінде түрлі аурулар мен кері әсерден, соның ішінде өлім-жітімнен зардап шеккендерді айтты.

"Міне, саған, мейірімді доктор Айболит Билл Гейтс. Сонда миллиардер ғаламшар популяциясын қысқарту үшін ДДҰ - ға демеушілік ететінін көреміз", - деп мәлімдеді бағдарламада.

Ролик соңында көрермендерге Microsoft негізін қалаушы инвестициялайтын вакциналары бар әлем туралы ойлауды ұсынды. Содан кейін "адамзатты чиптеу" туралы сөз болды. Бағдарлама авторлары осындай әдіспен "жарамсыз" адамдарды жүйеден алып тастауға мүмкіндік береді деп санайды.


Билл Гейтс коронавирус пандемиясының аяқталуын болжады

Талқылау