Мейрамбек Беспаев жастық шағын сағынып жүргенін айтты (фото)
Мейрамбек Беспаев архивтегі суретін бөлісіп, тәтті естеліктерге толы күндерін еске алды. Бүгінгі “Мұзарт live” жобасының қатысушыларын өздеріне теңеді.
Фото: instagram.com/m_besbaev/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Мейрамбек Беспаев осыдан 15 жыл бұрын түсірілген суретін бөлісіп, сағынышқа айналған ұмытылмас күндерді еске алды.
“Сарғайған суреттер… Сағынышқа айналған шақтар… Ескі суреттерге қарап отырып, есіңе көп нәрсе түседі. Отты көздер, тәтті кездер ойға оралады. Ерекше сезімге бөленіп, керемет күй кешесің. Əр суреттің өзіндік сыры, мұңы, тарихы, тағдыры бар. Сәкен, мына суретке қарашы, “Есіңде бар ма жас күнің?” деп тұрғандай. 15 жыл бұрын… 25-тен жаңа асқан шағымыз. Жалындап тұрған, арындап тұрған кезіміз. Сəкен, Мақсат, Мейрамбек –МұзАрт”, – дейді әнші.
Беспаев ары қарай бүгінде “Мұзарт live” жобасына қатысып жатқан жігіттерден өзінің жастық шағын көретінін айтты. Сөз соңында аталған жобаның қатысушыларына сәттілік тіледі.
“Алғашқы қадамдар… Үміт… Күдік… Арман… Намыс… Жастық… Махаббат… Түнімен көз ілместен жүрген сапарлар, бір сəтте бірнеше сезім кешкен кездер. Бəрі есте… Ұмытылмайды. Ұмыта алмайсың. Ұмытуға болмайды. Он бес жыл бұрын біз кешкен осы бір сұрапыл сезімді, бүгін Мuzartlive жобасына қатысып жатқан бауырларымыз басынан өткеріп жатқан болар?! Өйткені, мен оларға қарап отырып кешегі өзімді көрем, бозбала кезімді көрем. Олар да 20-25 тегі өмірге ғашық, өнерге ғашық жігіттер… Өмір жалғасады екен. Ұрпақ алмасады екен. Қазақтай кең жүрек ел барда, кең байтақ жер барда – ел өнері өлмейді! Тек, сəттілік серік болсын, бауырларымызға!” – дейді Мейрамбек Беспаев.
Жіберіп алмаңыз:
Ділназ Ахмадиева өзінің отбасылы еркектің көңілдесі екенін ашып айтты
Танымал кәріс әншісі қазақ тілінде Ninety One тобының әнін шырқады (видео)
Арман мен Аша қыздары Асылымды қырқынан шығарды (фото, видео)
40 жасқа толған Ақбота Керімбекова үшінші рет тұрмысқа шықпақ