Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал кәріс әншісі қазақ тілінде Ninety One тобының әнін шырқады (видео)

Танымал кәріс әншісі, әрі актер Ханбель (Jang Han Byul) Астанада концерт беріп, көрермендерімен жүздесті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20161212122039

Концертті Қазақстандағы Корей елшілігінің Корей мәдени орталығы ұйымдастырған. Концерт барысында әнші көрермендерімен сұхбаттасып, туған күн иелерін құттықады.

“Мен қарды қатты жақсы көремін. Астанада таңертең қонақүй терезесінен қарды көріп, қатты қуандым. Мен қаланың суретін анама көрсетіп едім, ол да осында келгісі келетінін айтты. Мен осымен Астанаға екінші рет келіп отырмын. Алғаш рет “2016 Feel Korea in Kazakhstan” концертіне қатысқанмын. Бірақ, ол кезде қар болмаған”, – дейді әнші.

20161212122103

Тыңдармандар үшін ең қызықты сәт, бұл кәріс әншісінің қазақстандық топ Ninety One-ның “Қайтадан” әнінің бір шумағын орындап беруі болды.

20161212122109

“Басқа шет тілдерін білмейтін корейліктер үшін, бұл сөздерді айту өте қиын. Бірақ мен басқа да шет ел тілдірен білетіндіктен, маған үйрену қиынға соқпады. “Ninety One” тобының осы әнін бір ай уақыт бойы тыңдап үйреніп алдым. Бұл тіпті концертте айту керек болғандықтан емес, шын мәнінде маған ұнады”, – дейді ол.

Корей шоу-бизнесінің 26 жастағы жұлдыы шығармашылығын 2011 жылы “Led Apple” рок-тобымен бірге бастаған. Бірақ, 2014 жылдан бастап жеке ән салуға көшті.

Оқи отырыңыз:

Арман мен Аша қыздары Асылымды қырқынан шығарды (фото, видео)

40 жасқа толған Ақбота Керімбекова үшінші рет тұрмысқа шықпақ

Оқырмандар саны 1 миллионға жеткен Исабекова Instagram парақшасын сатылымға шығарды

Жүрсін Ерман тікелей эфирде Мұхтар мен Болатбекті қайта айтыстырып халықтың өзі бағалайтынын айтты

Талқылау