Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқырмандар саны 1 миллионға жеткен Исабекова Instagram парақшасын сатылымға шығарды

Мақпал Исабекованың Instagram парақшасындағы оқырмандар саны бір миллионға жетті. Осы орайда әнші желідегі парақшасын сатылымға шығарды. Сатылымнан түскен қаражатты Исабекова игі іске жұмсайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

макпал иснтан_22

Бұл туралы әнші өзінің желідегі парақшасында жазды.

«Аяқ астынан санама бір ой келді. Мұны оқып отырған адамдардың қалай қабылдайтынын білмеймін. Алайда мен миллион оқырманы бар бұл парақшамды сатылымға шығаруды жөн көрдім. Одан түскен пайданы ақшаға мұқтаж бір жанға бермекпін. Ол адамның атын міндетті түрде атап, сіздерге көрсететін боламын. Тек алдымен ойым жүзеге ассын. Өзінің ісін алға бастыру үшін менің парақшамды сатып алғысы келетін жандар табылады деп ойлаймын. Немесе осынша оқырманы бар парақшаны жай ғана иемденгісі келетін жандар бар шығар. Алғашқы бағасы – 1 500 000 теңге. Бұдан да көп ақша ұсынатын жандар табылса нұр үстіне нұр. Өтінемін, мұның астынан бір кір іздеудің қажеті жоқ. Адал ниетпен жасалынып отырған дүние», – деп жазды ол.

Өз сөзінде әнші жаңа парақша ашатынын, жаңа жылды жаңа леппен бастайтынын айтып өтті.

«Менің адамдарым мені тауып алады, оны білемін. Сіздерге деген махаббатпен», – деп түйіндеді сөзін Мақпал.

Был самый обычный вечер, самого обычного дня. Новостью этого вечера стало то, что отметка читателей моего Инстаграм дошла до цифры 1 млн. Я размышляла: нуу, прикольно, миллион, агаа, пополнила ряды своих коллег миллионников… и?, что с того? Что дальше?, смысл?, (А смысл должен быть всегда, и всегда я его ищу, во всём!) И я подумала… Точнее я очень сильно захотела, чтобы мой Инстаграм, который временами заставлял меня испытывать не самые приятные переживания, но ещё больше подарил мне много-много положительных эмоций, вашу любовь и внимание, вашу поддержку, стал для кого-то по настоящему полезным. Нужным. Мысль появилась из ниоткуда. Я не знаю, как она прозвучит в ваших умах, как её воспримут люди читающие это. Тем не менее попробую рискнуть и озвучу её рассчитывая на ту поддержку, которую вы мне всегда оказывали. Я намереваюсь продать свою страничку с тем самым миллионом подписчиков, а деньги отдать человеку, который очень сильно нуждается в них. Имя этого человека я непременно озвучу и покажу его, когда сие мероприятие будет иметь успешный результат и задуманное сбудется. Я полагаю есть люди, которым возможно по бизнесу, по работе необходимо большое количество подписчиков и именно эти люди я надеюсь отозовутся. Возможно есть такие, которым просто прикольно иметь такую стр., и у которых есть возможность купить её. Начальная цена <<< 1 500 000 >>> тенге. Почему начальная, потому что если вы захотите заплатить больше, я буду только рада, потому что вы сделаете благо для другого человека, который нуждается в помощи. Пожалуйста не ищите здесь поддекста🙏🏻 намерения мои самые честные и чистые. Пишите свои предложения сюда под фото, либо в Direct. Давайте попробуем сотворить чудо вместе. А я? Я начну заново. С чистого листа. С нового года. Мои люди меня найдут я знаю ❤️ с любовью ко всем вам💕🙌🏼

Фото опубликовано Makpal Issabekova (@makosyai)

Жіберіп алмаңыз:

«Қазақстан Аруы-2016» ақшалай сыйақының жартысын қайырымдылыққа жұмсамақ

Күйеуім көзіме шөп салды. Ділназ Ахмадиева алғаш рет ажырасуы жайында айтып берді

Қарақат жұбайына тоқал іздеуі туралы бар шындықты айтып берді

КешYOU тобына «Айгөлекті» жүргізген Назым келуі мүмкін

Талқылау