AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Бесбаев пен Ғазизхан Шекербеков АҚШ қазақтарын алдап кетті деп айыпталды

Мейрамбек Бесбаев пен Ғазизхан Шекербеков АҚШ қазақтарын алдап кетті деп айыпталды. Қос жұлдыз Орландо қаласында 3 сәуір күні концерт бермек болған, алайда уәделерінде тұрмаған. Бұл туралы Айжан Хамит есімді Facebook қолданушысы жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мына жақта масқара болып жатыр. Мейрамбек Бесбаев пен Ғазизхан Шекербеков Американың Орландо қаласындағы қазақтарға концерт өткізбекші болған. Қазақтар мәз, неше түрлі штаттан келген, билет сатып алған, енді мына екі жұлдызымыз концертке келген жоқ. Қазақтар телефон соқса, "ойбай, концерт пе" деп дым білмегендей отыр. Сонда мына видеоны кім жасаған? Екі ортада ұйымдастырушылар кінәлі болып қалды, залдың ақшасын өз қалтасынан төлеуге мәжбүр болды. Жігіттер, мыналарың ұят енді. Мына жақта ерігіп жүрген адам жоқ, барлығы жұмыс істеп, ақша тауып Қазақстандағы туыстарын асырап жүр", – деп жазды Айжан Хамит.



Ал видеода Мейрамбек Бесбаев:  "Ардақты бауырлар, 3 сәуір күні Орландо қаласында жолығайық, наурызға келдік, осындағы қандастарымызды көруге келдік, араласайық: Сіздерді көріп қуанып жүрміз. Жақсы бір кеш өткізейік. Әсерлі болсын кешіміз. 3 сәуір Орландода кездесейік", – дейді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр