"Метрология мен ветеринария қызметкерлерінің күні": Қазақстан күнтізбесіне 8 жаңа кәсіби мереке енгізілмек
Күнтізбедегі кәсіби мерекелер саны 63-ке артты. Енді мал дәрігерлері мен аңшылық шаруашылығы қызметкерлерінің күні бекітілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы кәсіби мерекелер тізімін толықтыруды жоспарлап отыр.
- 7 сәуір – Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні;
- 16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні;
- 20 мамыр – Метрология қызметкерлерінің күні;
- 10 шілде – Ветеринариялық қызметкер күні;
- Қыркүйектің бірінші сенбісі – Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні;
- 1 қазан – Жоғары білім қызметкерлері күні;
- 14 қазан – Стандарттау қызметкерлерінің күні;
- 18 қараша – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні.
Бұған дейін елімізде алғаш рет Азаматтық авиация күні атап өтілген еді.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар