Мессиді Пекин әуежайында полиция ұстап қалды
Қытайға жолдастық кездесу өткізуге келген Лионель Мессидің испаниялық төлқұжаты үшін проблема туындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Месси 15 маусымда Аустралияға қарсы жолдастық матчта ойнайды. Ойын Пекин стадионында өтеді.
11 маусымда Аргентина құрамасының шабуылшысы дайындықты бастау үшін Қытайға келген. Алайда футболшыны әуежайда полиция ұстап қалған.
Қытайға Месси визасыз кіруге мүмкіндік беретін Аргентина төлқұжатымен емес, испаниялық құжатпен келген. Испания азаматтары визасыз тек Тайваньға кіре алады.
Футболшы болған жағдайды полицияға түсіндірген соң оған тез арада виза рәсімдеп беріпті. Аргентина құрамасы Аустралиядан соң Индонезияға қарсы ойын өткізеді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады

