Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева: Күйеуге шығатын жігітті жасанды пәктікпен алдай салған дұрыс

Әнші Меруерт Түсіпбаева пәктігінен айырылып қалған қызға оны жасатып алуға кеңес берді.  Жігіттер мұндай шындықты ұнатпайды әрі жылдар өткеннен кейін бетіңе басуы мүмкін деген Түсіпбаева көпшіліктен ақыл сұраған бойжеткенге өз ойын осылай жеткізді,-деп жазды Stan.kz.

«Еуразия Бірінші» арнасындағы «Кешкі кездесу» бағдарламасына  пәктігінен айырылып қалып, тұрмысқа шығуға қорқып жүрген қыз бетін жауып келді. Ол психологтан, имамнан тағы да бағдарлама қатысушыларына басындағы жағдайды айтып, кеңес сұраған еді.

«Мені мектеп кезінде бір жігіт қатты сүйді. Оны ұнатпай, басқа жігітпен көңіл қостым. Бірнеше жыл жүріп аяғым ауыр болды. Оны жігітіме сүйіншілеп жеткізген кезімде «Қандай бала? Негізі менің отбасым бар» деп айтты. Баланы алдырдым. Енді сол мектепте маған ғашық болған жігіт үйленуге ұсыныс жасап отыр. Ол мені өте тәрбиелі деп таниды. Енді жақын күндері ата-анамызға айтып, үйленудің қамына кіріспекші. Не істерімді білмей отырмын»,-деді бойжеткен.

Бағдарламаға қатысып отырған имам және психолог,  үш қыз тәрбиелеген ана бойжеткенге жігітті алдамау керектігін айтты. Ал әнші Меруерт Түсіпбаева болса тура осы жерде шындықтың ғашықтар қарым-қатынасын құртатынын айтты.

«Неге бәріңіз шындықты айт дейсіздер? Ертең ол жігіттің көңілі суып кетеді. Оданда кешірімді Алладан сұрап, жігітті алдаған дұрыс. Себебі сен шындықты айтқаныңмен ол кешірмей қалса қалай болады? Кешіргеннің өзінде бірнеше жылдан кейін бетіңе басса ше?. Біз тең жаратушыдан ғана кешірім сұрауымыз керек.

Жаңа имам кісі де солай айтты ғой. Жігіттен кешірім сұрау міндетті емес. Қазақтың жігіттері пәктікке қарап қалған. Мысалы мен келінім пәк болмаса да жақсы қабылдаймын. Балам екеуі бақытты болса болды. Екеуі қырылысып жүрсе мен оның пәктігін қайтемін?»,-деді әнші.

Оқи отырыңыз:

Роза Әлқожа жасы 40-қа жақындағанда диплом алды

Шоқан Маратұлы әйелі мен ұлын перзентханадан шығарып алды

Интернатта өскен Мақпал Жүнісова онда көрген қорлығын ұмыта алмай жүр

Мәдина Сәдуақасова «Бала дауысында» жерлесін жақтап кетті

Талқылау