Меруерт Түсіпбаева Баян Есентаева түсірген «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» фильмін сынап тастады
Продюсер Баян Алагөзова «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» телехикаясын түсіріп, қоғамның пікірі екіге жарылды. Аталған туындыны жоғары бағалағандар да, кемшін тұстарын атап, эфирден алып тасталынуын талап еткендер де табылды. Өз кезегінде тарихи тақырыпта фильм түсірудің қиындығын айтқан продюсерді әнші Меруер Түсіпбаева да сынап тастады, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұған дейін бірнеше фильм мен телехикая түсіріп, көрерменін қуантып жүрген продюсер Баян Алагөзова тарихи тақырыпта телехикая түсіруге бел шешкен. Ол телехикаяның түсірілім жұмыстарын сәтті аяқтап, туынды көрерменге жол тартқан еді. Алайда Баянның «Қозы Көрпеш-Баян Сұлуы» көпшіліктің көңілінен шықпай қалған сыңайлы. Тарихи тақырыпты арқау еткен телехикаяны сынаушылар қатарынан әнші Меруерт Түсіпбаева да табылды.
Әнші Instagram желісіндегі парақшасында «Жаңа жылда «Қыз Жібек» фильмін қайта түсіремін деген ой ешкімнің басына келмесе екен», – деген жазба жазылған суретті жариялап, өз пікірін білдірді.
«Бір ақымақтың басына осындай жаман ой келмесе екен. Құдай ешікмді есінен адастырмасын. «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» фильміне жазылған пікірлерден кейін қорқа бастадым. Ұлттың жетістігі – нағыз құндылық… Ата-бабамыз қалдырған бағасыз мұра ұрпақтан ұрпаққа сол қалпында табысталып келеді. Қасиетті дүниеге қол сұғу үшін де соған сай құқығың болуы керек шығар… Тарихшы, этнограф, ғалымдардың, яғни нағыз мамандардың кеңесі керек. Ұлтқа қарабайыр «сабынды операға» қарағандай қарау – оны қорлау. Ендігі «Қыз Жібек пен Төлегенге» қол сұға ма деп қорқамын. Менің ойымша, парламент қасиетті жәдігерлерге қол сұғылмаушылық туралы заң шығаруы тиіс. Осылайша тарихымызды қорлау түгілі, оған тиісуге де жол бермеу қажет», – деп жазды әнші.
Өз кезегінде желі қолданушыларының басым көпшілігі аталған телехикаяны сынап, туындыда жетіспеген актерлік шеберлік пен тіл жұтаңдығын атап өтті.
Оқи отырыңыз:
Төреғалиді кешіргем: Асхат Садырбай әншімен болған дау жайлы шындықты жайып салды
Тоқтар Серіков: Шырша тікпеймін, бірақ әлемдік мерекеге қарсы шығуға хақым жоқ
Жұлдыз емеспін: Данэлия Төлешова Жаңа жылды отбасымен қарсы алатынын айтты
Кеудесін көрсетіп суретке түскен Ділназ Ахмадиева желі қолданушыларын ашуландырды (фото, видео)
Ninety one тобы ендігі қазақтың ұлттық аспаптарымен өнер көрсететін болады