Меркель Путиннің ядролық қару туралы айтқандарына назар аударуға шақырды
Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркель Ресей президенті Владимир Путиннің ядролық қару туралы айтқандарына назар аударуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Süddeutsche Zeitung басылымына сілтеме жасап.

Ол федералды канцлер Гельмут Коль қорының ашылуына қатысты. Меркель өз сөзінде қазіргі саяси жағдайға тоқталып, Ресей көшбасшысының сөзіне мән беру керектігін және оның сөздерінің маңыздылығын еске салды.
"Оның айтқандарын жай сөз деп қабылдамай, мән беріп тыңдау керек. Путиннің сөздері ешқандайда әлсіздік емес, маневр жасау мүмкіндігін беретін саяси даналықтың белгісі", - деп келтіреді басылым Германияның экс-канцлерінің сөздерін.
Владимир Путин осыған дейін ресейліктерге арнаған үндеуінде "Ресейді ядролық қарумен бопсалауға тырысып жатқандардың тарапына жел соғуы мүмкін” деп ескерткен
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді