Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мені танымаса да: Әнші Адам марқұм Батырхан Шүкеновтің өзіне көрсеткен құрметі жайлы айтты

Халықаралық байқауларға барған қазақстандық қатысушыларға, көзінің тірісінде Шүкеновтің қалай құрмет көрсеткенін білесіз бе? Батырхан жайлы бұрын-соңды ешбір жерде айтылмаған, тың ақпаратты әнші Адамның өзі айтты.

Мені танымаса да Әнші Адам марқұм Батырхан Шүкеновтің өзіне көрсеткен құрметі жайлы айтты

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Бұл бейнебаян – «Адам Х» дуэтінің дебюттық трегіне түсірілген туынды. Саксофон мен вокалды тоғыстырған жобада, әнші Адам мен Максим есімді музыкант өнер көрсетеді. Клипті Батырхан Шүкеновтің Мәскеу қаласындағы студиясында таспалапты.

“Батыр ағамыздың студиясын, Батыр ағамыздың фотоларын және алған статуэткаларының барлығын түсірдік”, – дейді әнші Адам.

Бұл видеоның Батырханның туған күнінде тұсауы кесілуі тегін емес. Шүкенов пен 2013-ші жылы «Жаңа толқын» байқауында ел намысын қорғаған Адамның таныстығы, Юрмалада тосыннан болған екен.

“Түскі асқа шыққам бір кафеге. Сонда Батыр ағамыз достарымен отыр. Мен оған жолығып, осылай да осылай. Батыр аға мен Қазақстаннан келген қатысушымын. Маған бір-екі кеңес берсеңіз. Жақсы болар еді дедім. Ой, маған тура бір сағаттай уақыт бөлді де. Өте жақсы қарым-қатынас болды арамызда”, – дейді Адам.

Қазақстандық әншінің сахнадағы серігі Максим де тәжірибелі музыкант. Ол әйгілі «А-студио» құрамында өнер көрсетеді. Жақында «Адам Х» жобасы, тағы бір ресей жұлдызымен бірігіп дуэт жазбақшы.

“Алдағы уақытта бізде үлкен жоба бар. Дуэт жазылады. Ресейдің бір әйгілі… Енді, кейбір мысалы менің құрдастарым үшін, аңыз «адам әртіс» деп айтуға болады. Рэпер кісі. Енді, қазір мен атын айта алмаймын”, – дейді әнші Адам.

Сонымен қатар, «Адам х» тобы халықаралық ән сайыстарда да бақ сынауды жоспарлап отыр.

Тағы оқыңыз: 

Сәкен Майғазиевтің микрофонын тартып алған бүлдіршін жұртты күлдірді (видео)

Ерке Есмахан: 30-дан асып, бұрын тұрмыста болып та ханзадаға тұрмысқа шығуға болады екен

Ринат Зайытов Ninety one-ды сабамақ болған “Меломен” тобын жақтап шықты (видео)

Жасарып кетіпсіз: Шашын қысқа қылып қиып тастаған Баян Алагөзованы көпшілік танымай қалды

Талқылау