Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жездесімен көңілдес болған: Күйеу жігіт қалыңдығын той үстінде масқаралады

Қытайда күйеу жігіт той үстінде қалыңдығын масқара етті. Сүйіктісінің  жездесімен көңілдес болып, бірге түнегенін біліп қойған ол олардың әрекеттерін тойдағы жұртқа жария еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Star порталына сілтеме жасап.  

Жігіт қалыңдығының өзінің көзіне шөп салып жүргенін білсе де, одан кек алу үшін тойға дейін үндемеген. Ол салтанатты рәсім кезінде көрсетілуі тиіс екі жастың балалық шақтарындағы естелік видеоның арасына қыз бен жездесінің төсекте жатқаны түсірілген бейнежазбаны қосып жіберген. Видеоны тойға жиналғандардың барлығы көріпті. 

“Мені білмей қалады деп ойладың ба”, – деп жігіт қалыңдыққа айғайлап, ол жердегі ұятты көріністен соң, қалыңдықтың кеудесінен итеріп жіберген. Ал ұятқа қалған қалыңдық жігітке қолындағы гүлін лақтырады. 



Қалыңдық жігітінің сыртынан өзінің қайын әпкесінің күйеуімен көңіл жарастырған. Жігіт көрсеткен видеода олар бір бөлмеде жыныстық қатынасқа түскені көрінеді. 

Бұл оқиғаның  видеосы ТikTol желісінде тарап, оқырмандардың қызу талқысына түсті. 

Кейбірі күйеу жігіттің бұл әрекетін құптамай, қандай жағдайда да қыздың абыройын туыстарының алдында төккенін дұрыс емес деп тапса, кейбірі керісінше оған жақсы сабақ болғанын жеткізген.

“Бір жеңілдеп қалған шығар. Тойға дейін осы сәтті қалай шыдап күтті екен?”, “Ол әдейі өз тойында қалыңдығының шынайы бет-бейнесін туыстары мен достарының алдында ашып берді”, – деген пікірлер де болды.

Талқылау