"Мен үшін олар арамшөп": Алматы тұрғыны ресейліктерді балағаттағаны үшін қамауға алынды
Алматы тұрғыны ресейліктерді балағаттағаны үшін қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынды
Желіде тараған видеода бірнеше адамның тікелей эфирде отырғанын байқауға болады. Эфир барысында Марал Жалелова есімді қолданушы орыстар туралы жағымсыз пікір білдірген. Ол “Орыстар Қазақстаннан кетсе, өмір сүру оңай болатынын” айтқан.
"Мені отырғызғыларың келсе, отырғыза беріңдер. Мен заңды бұзып жатқан жоқпын. Кетсе, өмір қаншалықты жеңілдейтіні белгілі. Мен үшін олар – арамшөп. Менің ешнәрсем жоқ. Мен Гитлер жақсы десем, саған ұнай ма", – деді Марал Жалелова есімді қолданушы желіде тараған видеода.
Украинадағы соғыс басталғаннан кейін Қазақстанға келген 80 мың ресейлік еліне қайта оралмаған
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қазір алматылық тұрғынға қатысты тергеу жүріп жатыр.
“Әдепсіз сөздер айтып, ұлтты балағаттаған Алматы тұрғыны ұсталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің өкілдері.
Еске салсақ, осыған дейін Қостанайда такси жүргізушісін балағаттаған әйел ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыпталғанын жазғанбыз.