"Басына түкірген": Қостанайда такси жүргізушісін балағаттаған әйел ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыпталды
Қостанайдың №2 сотында сирек кездесетін сот процесі жүріп жатыр. Жергілікті такси жүргізушісі Дмитрий Галкинге тіл тигізген Тобыл тұрғыны Құндызай Кенжетаева ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін қылмыстық бап бойынша сотталып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Время" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Welcom-sukko.ru
Оқиға ақпан айында болған. Галкиннің көлігіне мінген Кенжетаевтар әдепсіз мінез танытқан. Жолаушының күйеуі мас болып, былапыт сөздер айтып, жүргізушінің басына түкірген. Оқиғаның соңы қақтығысқа ұласып, Кенжетаева Галкинді балағаттаған.
Сот шешімімен такси жүргізушісі құқық бұзушылардан 300 мың теңге ақшалай өтемақы алды.
"Кенжетаеваның төрт баласы бар екенін білдім. Оны аядым әрі жеті жыл бойы түрмеде отырғанын қаламадым. Шағымымды қайтарып аламын", – деді Дмитрий.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда такси жүргізушісі жолаушыға көзді жасаурататын сұйықтық шашқаны туралы жазған едік.
"Адам қағып өлтіру, есірткі мен тәртіпсіздіктер": Қоғамды дүр сілкіндірген шенеуніктің ұлы Мақсат Үсенов қалай жазадан құтылып келді?
Бірнеше жол апаты, құқық бұзушылық пен өлімге әкелген оқиғалар әр жолы жеңіл жазамен аяқталған
"Балам мектепке бармаймын деп жылайды": Қазақстандық әйел баласына бұралқы иттер шабуыл жасағанын айтып, шағымданды
Оксана: "Адамдардың үйінде асырап отырған мысығын, қояны мен тауығын жеп кетті"