Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен үшін бұл басты мәселе": Тоқаев интернеттегі арандатуға қарсы күрес туралы мәлімдеді

Тоқаев интернеттегі арандатуға қарсы күрес туралы мәлімдеді. Бұл туралы ол бүгінгі жолдауында жариялады, деп хабаралады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Адам құқығын қорғау бойынша жаңа шаралар қабылдау өте маңызды. Мен үшін бұл басты мәселе. Бүкіл әлем сияқты, Қазақстан да азаматтардың интернеттегі арандатуына тап болды. Біріншіден, бұдан балалар зардап шегеді. Олар, өкінішке орай, қайғылы салдарға әкелетін интернет-арандатуды қатты қабылдайды. Азаматтарды, әсіресе балаларды кибербуллингтен қорғау бойынша заңнамалық шаралар қабылдау уақыты келді", - деді мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Жолдауда жастардың бірден байып кетуді көздеп, букмекер және т.б. құмар ойындарына бет бұрғанын айтты. Сондай-ақ, қағазбастылық мәселесін шешіп, құжаттарды толық цифрландыру керектігін мәлімдеді.


Президент жолдауы 2020: Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуінің толық мәтіні

Талқылау