Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адамдар емес, деректер жүгіру керек". Тоқаев қағаз анықтамаларды цифрландыруға тапсырма берді

Мемлекет басшысы қағазбастылық мәселесін шешіп, құжаттарды толық цифрландыру керектігін мәлімдеді. Осы мақсатта электронды сервистерді қолдануды жеңілдету үшін кең түрде биометрияны қолдану керектігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

планшет

"Цифрландыру - бәскелестікке жетудің жолы. Цифрлық теңсіздік мәселесін шешу керек.

Интернетке барынша қолжетімділік болу қажет. Әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар компьютерлік техника мен сапалы интернетпен қамтамасыз етілуі керек.  250-ден астам тұрғыны бар әрбір ауыл интернетке қолжеткізеді", - деді Тоқаев. 

Президент адамдардың зейнетақы мен жәрдемақы тағайындалғанда қандай қиындықтармен бетпе-бет келетінін атап өтті.

"Қағазбастылықты цифрландыру керек. Адамдар емес, деректер жүгіру керек. Ведомствоаралық  қарым-қатынас пен азаматтар арасында қатынаста қағаз анықтамаларды тоқтатуды тапсырамын. Ақпаратты цифрлы түрде растаумен қаматамасыз ету керек.  Мекен-жай, мүліктік анықтамалар бойынша жағымды тәжірибеміз бар. Енді куәлік, диплом, көлік куәлігі мемлекеттік ұйымдармен электронды форматта қабылануы керек", - деді ол. 

Сондай ақ, мемлекет басшысы электронды сервистерді қолдануды жеңілдету үшін кең түрде биометрияны қолдану керек. 


Президент жолдауы 2020: Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуінің толық мәтіні

Талқылау