Жастар бірден байып кетуді қалайды - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда жастардың өмірге деген құндылықтарының өзгеруіне тоқталды. Айтуынша, қазіргі кезде жастар бірден байып кетуді көздеп, букмекер және т.б. құмар ойындарға бет бұрған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біздің қоғамда еңбек құндылықтарына деген көзқарас өзгеруі керек. Жастарға жұмысты беделді және беделсіз деп бөлмеуді үйретуіміз қажет.
Өкінішке орай, жастар тез байып кетуді қалайды. Сондықтан олар түрлі лотереяларға, букмекерлерде бәс тіргуді әдетке айналдырған. Бұған қоса олардың арасында елімізде заңсыз жұмыс істеп жүргендерді келек қылу да көрініс тапқан.
Соңғы уақытта біз еңбек наны тәтті екенін түсінгендейміз", - деді Тоқаев.
Бұған қоса ол мейірбикелер, коммуналдық қызмет жұмыскерлері және басқа да қызметкерлердің ерең еңбегін атап өтіп, олардың мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын жеткізді.
Президент жолдауы 2020: Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуінің толық мәтіні
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген