Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен өзімді жақсы көрем": Айқын Жаңа жылға өзіне сый жасады

Айқын Төлепберген Жаңа жылға өзіне сый жасап, қуанышын көпшілікпен бөлісті. Әнші қымбат көліктің кілтін ұстады.

Айқын Төлепберген Жаңа жылға өзіне сый жасады. Әнші бұған дейін ескі көлігін сатылымға шығарғаны белгілі. Енді Жаңа Lexus LX 570 көлігін тізгіндеді. 

“Мен өзіме Жаңа жылға сый жасадым. Өзімді жақсы көремін”, – деді ол.

“Біз бүгін көлік алғанымызды тойлап жатырмыз. Құтт болсын, жаным. Көлігіміз құтты болсын”, – деді Айқын. 

Естеріңізге сала кетейік, қазір Айқын Төлепберген де өзінің армандаған үйі – Алматыда екі қабатты коттедж салып жатыр. Әнші құрылысты бастаған аумақ әл-Фараби даңғылының жоғар жағында орналасқанын нақтылады.

Ол өз парақшасында құрылыстың егжей-тегжейлерін үнемі баяндап отырады. Сондай-ақ оқырмандары Айқын Төлепберген мен жары әнші Жұлдыз Өмірғали сәби күтіп жүр деп болжаған еді. Жұлдызды жұп бұл болжамдарға түсініктеме бермеді.


Талқылау