«Мен қабылдамайды деп қорқатын сияқты»: Диас Аблаев анасының жалғыздығы туралы
Диас Аблаев анасының екінші рет тұрмыс құруына қарсы емес екенін айтты. Ол егер анасы біреуді жолықтырып жатса, тек қуанатынын жасырмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Әрине, мен оның өз жұбын табуына қуанар едім. Ол мен қабылдамайды деп уайымдайтын сияқты. Керісінше, қуанар едім. Бірақ анам сияқты адамның басқа біреуді жолықтыруы қиын. Өйткені ол өте мықты әйел. Ал еркектер мықты әйелдерді жақсы көрмейді», – дейді Диас Аблаев «Айта берсін» бағдарламасында.
Ал Нағима Есқалиева өзі болса, жеке өмірін көпшілікке жария ете бермейтінін алға тартты. Оның сөзінше, адамның жеке өмірі өзінікі болып қалу керек.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады