Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен де сізге сенбеймін": Қайрат Құдайберген өзін айыптаған жас ғалымға жауап берді

Алматылық кәсіпкер Қайрат Құдайберген өзін сөккен ғалым қызға жауап берді. Бұған дейін жас маман кәсіпкерге жаным ашымайды деп жазба жариялаған еді. Ал, кәсіпкер оған сенбейтінін ашық айтты.

"Осы күндері ауруханада барлық арам ойлы жандардың пікірлері мен жазбаларын оқып жатырмын. Назарбаев университетінен шыққан өте "тәрбиелі" ғалым қыздың видео үндеуін көрдім. Ол елге екпе керек екенін сендіруге тырысып айтты. Сіздерді қайдам, мен шешен қызға сенбедім. Мен мұндай екпеге қарсымын. Шешен қыз дегенім енді әрине асырып айтқаным. 

Көп нәрсе оқып, өзім туралы көп жайттарды білдім. Сіздерге алғыстан басқа не айтайын? Сіздердің арқаларыңызда мені одан да көп адам оқи түсті. Көңіл-күйімді көтерді. Күлкі адам өмірін ұзартпай ма?

Екі күн ішіне парақшама 13 мың адам жазылыпты. Оларға зор денсаулық тілеймін. Бұл ең үлкен байлық. Бірге бәрін жеңетінімізге сенемін. Мына аты жаман аурудан тезірек құтылайық. Вируспен ауырғандар тезірек жазылып кетсін деп тілеймін", - деп жазды кәсіпкер парақшасында.

Бұған дейін кәсіпкердердің вирус жұқтырып алдым деген видеосы желіде тез тарап кетті. Кейіннен кәсіпкерден ауру анықталмағаны белгілі болды. Назарбаев университетінің маманы кәсіпкерге жаны ашымайтынын айтып жазба жариялаған еді. 
 

Талқылау