Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Коронавирус жұқтырған" танымал бизнесмен қазақстандықтарға үндеу жолдады

Танымал бизнесмен және қоғам қайраткері Қайрат Құдайберген қазақстандықтарға видео үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қайрат Құдайберген

Ол видео үндеуді Instagram-дағы парақшасында жариялады.

"Коронавирусқа сенбейтін адамдар, далада серуендеп жүретін адамдар маған қарасаңыздар болады. Жалпы, мен білмеймін, қайндай ауру екенін, кеше түсте ПТР-тест тапсырдым, нәтижесін ерте келетінін айтты. Температура 38-ден 39,5-ке дейін жетіп жатыр. 3 күннен бері осындай", - деді видеода Қайрат Құдайберген.

Видеодан бизнесменнің дем алуы ауыр, жағдайы шынымен де нашар екенін байқауға болады, сөйлеген кезде де қиналады.

Сонымен қатар, ол көп адамдармен байланысатын болғандықтан кімнен жұқтырғанын нақты білмейтінін айтты.

"Туыс-туғандарыңызды сақтай жүріңіздер. Маска киіңіздер, қолғап киіңіздер. Мен білмеймін, бұл індет па, вирус па. Адамдарға көмектесіп жүріп, адамдардың арасында болғанда, қанша қорғанып жүрсекте осындай жағдайға душар болдым. Сол себепті өздеріңізге қараңыздар. Еліміз осы індеттен тезірек шықсын", - деп көз жасына ерік берді ол.

Талқылау