Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанды кім асырап отыр: Еліміздің ең ірі салық төлеушілері

2020 жылдың тоғыз айында елу ірі ұйым 2,9 трлн теңге салық төледі. Бұл бюджетке жалпы салық түсімдерінің 50% құрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі FinReview.info порталына сілтеме жасап.

Салық - әр мемлекеттің бюджетінің негізгі кіріс көзі. Десек те биыл карантиндік шектеулердің салдарынан кейбір ұйымдар өз жұмысын тоқтатқандықтан салық түсімі де азайыпты. 

Портал мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда 2020 жылы пандемия тұсында шағын және орта бизнестің дамуына түрткі болған салық режимінің көптеген жеңілдіктері енгізілді. Атап айтқанда, 1 қазанға дейін ШОБ субъектілері еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен әлеуметтік төлемдерден босатылды.

Бұл шаралар іскерлік белсенділіктің төмендеуімен бірге салықтық түсімдерді 10,3% – ға қысқаруына алып келген. 2020 жылдың тоғыз айында мемлекеттік бюджет жиынтығында 5,8 трлн теңгеге толықтырылды, бұл 2019 жылға қарағанда 664 млрд теңгеге аз.

Бюджетке түсетін негізгі сома мұнай және газ өндіруші ұйымдардан келеді екен: 2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша мұнай-газ секторының үлесіне елу ірі салық төлеушілердің барлық төлемдерінің 61% – ы немесе 1,8 трлн теңге тиесілі болды. Өткен кезеңмен салыстырғанда бұл компаниялар төлеген салық көлемі рекордтық 49%-ға төмендепті.

график

Мұнай секторынан кейінгі орынды металлургия саласы иеленіпті, олардың салық түсімдерінің жалпы көлеміндегі үлесі 10,8% немесе 318,8 млрд теңгені құраған.

Үшінші орында темекі өндіру саласы тұр. Темекі өндірушілер 221,9 млрд теңге салық төлепті.

 

Талқылау