Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құжатқа ойға келгенді жазып, бюджеттен қаржы бөлінбеді деу – қолыңнан түк келмейтінін мойындау – Тоқаев

Президент үкіметке Инфрақұрылым жоспарын қайта қарауды тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық инфрақұрылым жоспары елімізге ауқымды инвестиция тартудың тағы бір маңызды шарты екенін айтты.

“Бұл құжат сапалы әзірленуге тиіс. Ойға келгеннің бәрін бір құжатқа жинақтап, сосын бюджеттен қаржы бөлінбеді деп сылтау айту – қолыңнан түк келмейтінін мойындау деген сөз. Үкіметке Инфрақұрылым жоспарын қайта қарауды тапсырамын. Негізгі басымдықтарды айқындап, стратегиялық маңызы бар жобаларға жеке инвестиция тарту мәселесін мұқият ойластыру керек. Тек аса қажет болған жағдайда ғана қаржылай қолдау шараларын қарастырған жөн”, – дейді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар ол елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару инвестицияның қайнар көзі екенін атап өтті.

“Мен бұл шаруаның бағыт-бағдары туралы бірнеше рет айтқанмын. Бизнес өкілдерімен кездесулерде де осы мәселеге тоқталдым. Уәкілетті құрылымдар жұмысты жандандыруы керек. Түскен қаражатты еліміз үшін маңызы зор жобаларды жүзеге асыруға пайдалану қажет. Алайда өзге де құқық қорғау органдары жүгенсіздікке жол бермеуге тиіс. Тағы да ескертемін, "шаш ал десе, бас алып", асыра сілтемеу керек. Мен мұндай жөнсіз әрекеттің қай-қайсысын да қатаң айыптаймын. Біздің басты міндетіміз – кәсіпкерлердің еркіндігін шектеу емес, керісінше, елімізде бизнеске және инвестицияға жайлы орта қалыптастыру. Бұл жұмыстың әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша мәні бар. Маңызды экономикалық міндетті орындауды көздейтін осы бастаманы ешкімнің жоққа шығаруына жол берілмейді”, – деді Тоқаев.

Талқылау