Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Меломен” тобы махаббат туралы телехикая түсірмек

“Меломен” тобының жігіттері шығармашылықтарындағы соңғы жаңалықтарын бөлісті. Әншілер Жігер Ауыпбаевтың кетуінің топтың жұмысына айтарлықтай әсер еткенін жасырмады. Мұнымен қатар, тыңдармандарына телехикая ұсынулары мүмкін екенін айтты.

19955289_461764564182761_7561816728116658176_n

Бұл туралы “Таңшолпан” бағдарламасында айтылды.

Британиялық сазгер әрі әнші Сами Юсуф “Меломен” тобының шығармашылығына қызығушылық танытып, Қырғызстан елінде өтетін өзінің жеке шығармашылық кешіне шақырған.

“Сами Юсуф дегеніміз – ұлты ирандық, бірақ өзі Англияда тұратын әнші жігіт. Ол Алланы ұлықтау, пайғамбарға салауат деген сияқты діни әндерді айтады. Самимен осыдан 4-5 жыл бұрын байланысқа шығып, елімізге шақырған болатынбыз. Содан бері таныстығымыз жақсы. 30 маусым күні жаңағы кешке барып рухани әрі шығармашылық шабыт алып қайттық. Продюсерлеріміз келісім-шартқа қол қойған жағдайда, дуэт жаздырамыз деп ойлаймыз. Қырғызстанға барған сапарымызда барлығын келісіп алдық.

Биыл халыққа есеп беру кешін өткіземіз деп уәде беріп қойған едік. Өкінішке орай, арамыздан бір бауырымыз кетіп, өзінің жеке шығармашылығымен айналысып жүр. Сол себепті, барлық репертуарды қайта қалпына келтіруіміз керек болып жатыр. Бұдан өзге Бауыржан Есебаев ағамыздың кино саласына қатысы бар болғандықтан, телехикая түсіруді жоспарлап отырмыз. Туынды “Сені ойласам” деп аталмақ”, – дейді жігіттер.


Жіберіп алмаңыз:

Бауыржан Исаев үлкен сахнаға жаңа туындымен оралмақ

“BN” тобы: Ninety one-ды 18 жасқа дейінгілер, ал бізді ата-әжелер де тыңдайды

Өмірқұл Айниязов үш бірдей үйі барын айтып мақтанды (фото)

Сәкен Майғазиев: Студент кезімде барлық әнді жұбайыма ғана арнайтынмын

Талқылау