Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“BN” тобы: Ninety one-ды 18 жасқа дейінгілер, ал бізді ата-әжелер де тыңдайды

“BN” тобы тарамайтындарын айтып тыңдармандарын қуантты. Десе де, аталған топтың жігіттері басқа салаға бет бұрған-ды. Олар жуырда көрермендер назарына толық метражды фильм ұсынбақ.

18013657_227984414352939_2962600799340855296_n

Фото: instagram.com/alisher.bn/

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында бағдарламасында айтылды.

“Алдағы уақытта толық метражды фильм түсіру жоспарымызда бар. Түсірілім жұмыстары тамыз айының 1-і басталуы тиіс. Жаттығу залына, таэквандоға барып жүрміз. Аталған фильмде төбелесетін жері бар. Айтпақшы, “BN” тобы тарамайтын болды. Альбина көптен бері Малайзия елінен оқудың құжаттарын күтіп жүрген болатын. Осы мәселе толықтай шешілді. Альбина ешқайда кетпейді. Аталған елге тек қыдырып барып қалуы мүмкін.

Концерт берген кезде тыңдармандарымыздың өте көп екенін байқадық. Менің білуімше, Ninety one тобын 18 жасқа дейінгі қыздар тыңдайды. Ал біздің концерттерімізде алпыс жастағы ата-әжелеріміз отырды. Біз 91 тобы секілді шашымыз бен көзімізді боямаймыз. Сырға да тақпаймыз. Олар қазақстандық “кю-попты” көтеріп жатыр. Ал бұл бастамаларына ешқандай қарсылығымыз жоқ”, – дейді “BN” тобының жігіттері.


Жіберіп алмаңыз:

Өмірқұл Айниязов үш бірдей үйі барын айтып мақтанды (фото)

Сәкен Майғазиев: Студент кезімде барлық әнді жұбайыма ғана арнайтынмын

Әбдірайымов не себепті қызына әннің атын бергенін түсіндірді

Баян Мақсатқызы орыс тіліндегі кітабының тез сатылғанын айтып мақтанды

Талқылау